ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Бүгін қызылордалықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккендердің аруағына құран бағыштады. Солақай саясаттың құрбандарын еске алуға жиналған жұрттың қатары қалың болды.
Нәубетті жылдары елімізде 103 мыңнан астам адам солақай саясаттың құрбанына айналды. Алашорда көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулат, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев бастаған қазақтың марқасқа азаматтарынан 25 мыңдай адам ату жазасына кесіліп, жазықсыз атылған еді.
- Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Осы ширек ғасырдағы біздің жадымызды жаңғыртуға, тарихи әділдік орнату арқылы ұлттық рухты көтеруге септік еткен, маңызды қадамның бірі – 31 мамырды саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп тану. Елбасының арнайы жарлығымен бекіп, саяси дағдыға айналған, қоғамдық санаға сіңген осы қасиетті дәстүрге де биыл 20 жыл толды. Сол қайғылы оқиғалардың бір парасы өзіміздің Сыр елінде де болғаны белгілі. Сыр топырағынан жаралып, барша алаш үшін аянбай еңбек етіп, парасат пен қайраткерліктің биік мысалын көрсеткен Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов пен Сүлеймен Есқараевтар да сол қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Біз бүгін солақай саясаттың құрбаны болған барлық азаматтарымыздың рухын еске ала тұрып, тарих тағлымына тағзым етуді, одан тиісті сабақ алуды ұрпаққа парыз санаймыз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Шараға қуғынға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, ардагерлер, еңбек ұжымдары мен қоғамдық және саяси бірлестіктердің өкілдері қатысып, қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының басшылары да жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етті.