ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАҢБЫР ЖАУЫП, НАЙЗАҒАЙ ОЙНАЙДЫ
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Солтүстікте, орталықта және шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында жел тұрады. Солтүстік Қазақстан облысының кей аудандарында тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел соғады, бұршақ жауады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан өңірінде жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.