АМЕРИКАЛЫҚТАР АСЫРАП АЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Нью-Йоркте Қазақстанның Бас консулдығы «Қазақстан-Америка альянсымен» бірлесе отырып, америкалықтар асырап алған қазақстандық балаларды құттықтады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Салтанатты шараны ашу барысында Бас консул Раушан Есболатова балалар күні мерекесінің тарихы туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, Халықаралық балаларды қорғау күні 1949 жылы қараша айында Парижде Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы тарапынан бекітілген. Осылайша, мереке алғаш рет 1950 жылы аталып өтілді.
Бұдан бөлек, Бас консул балаларды құттықтай келе, бұндай мерекенің АҚШ-та тұрып жатқан қазақстандық балалар үшін өздерінің мәдени, рухани тілдік ерекшеліктерін ұмытпауға зор септігін тигізетінін атап өтті.
«Бас консулдық АҚШ-та асырап алынған балаларға, олардың тіршілік ортасына ерекше назар аударады. Бұл ретте консулдық жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын «Kazapalooza» шарасына қатысып келеді. Осы алаңда қазақстандық балаларды асырап алған америкалық отбасылардың басым бөлігі бас қосатыны белгілі», - деді ол.
Өз кезегінде бала асырап алған ата-аналар жүздеген қонақтардың басын қосқан шараға шынайы алғыстарын жеткізіп, оның балаларға жағымды әсер беретінін алға тартты. Қонақтар мен балалар осы күні қазақтың ұлттық асханасынан дәм татып, ұлттық ойындар ойнады.