ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АГРОКЕШЕН ӨНІМДЕРІ ТМД БОЙЫНША ҮЗДІК АТАНДЫ
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Экономикалық кеңесінің шешімімен Қызылорда облысындағы «РЗА» агрокешені ТМД сыйлығының дипломанты атанды, деп хабарлады «24кз».
Бұл марапат 250-ден 3 мың адамға дейін жұмысшылар санымен азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін кәсіпорындардың жетістігі үшін беріледі. Қазалы ауданында Индустриаландыру бағдарламасымен ашылған кешен аймақ тарихында алғаш рет шикі сүтті терең өңдеп, голланд ірімшігін даярлап шығарды. Жобалық құны 2 млрд 300 миллион теңгеге баланған кәсіпорында 20 түрлі сүт өнімдері әзірленеді. Алғашында шетелден 650 бас асылтұқымды сиыр әкелген фермада қазір түлік саны артып келеді. Өңірде сүт кластерін толық жолға қойған кәсіпорын жетекшісі жүйелі ұйымдастыра білсе, қаладан жырақ жерде де, ірі өндіріс орындарын өрге сүйреуге болатынын айтады.
Самұрат Имандосов, агрокешен президенті:
- Еуропадағы дамыған алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы өз дәрежесінде дамыған мемлекеттермен салыстырғанда бізде 25-30 есе еңбек өнімділігі төмен. Яғни жерімізге инвестиция салыну керек. Оған үлкен заманауи технологиялар келу керек. Біздің алдымызда тұрған перспективалық жоспарымызда Қазақстанның кең байтақ жерінде ауыл шаруашылығына байланысты өнімдерді өндіріп, Қазақстан дүниежүзіндегі әлеуетті экспортпен айналысатын мемлекеттер қатарынан көрінуі керек. Соған қарай бейімделуіміз керек.