ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ МАЛШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ
Қызылорда облысында малшылар слеті биыл екінші рет өткізіліп отыр. Слеттің бірінші күні Жаңақорған ауданында «Мал шаруашылығын датыту» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылды. Семинарда «Мемлекеттің мал шаруашылығын дамытудағы саясаты», «Ауыл шаруашылығы жануарларының инфекциялық ауруларының алдын алу және емдеу», «Ет бағытындағы МІҚ малын азықтандырудың баланстық жүйесін ендіру» және «Қызылорда облысында қазақтың ақбас сиыры тұқымының өнімдерін жаңа биотехнологиялық тәсілдермен дамыту» сияқты маңызды тақырыптарды мамандар талқылап, пікір алмасты.
Еңбек мерекесіне ата кәсіпті тіршілігінің өзегіне айналдырып отырған шаруалар қатысты. Екі күнге созылған ауқымды шарада шаруалар өзара тәжірибе алмасып, арнайы ұйымдастырылған көрмеде өздерінің талай жылғы еңбектерін таныстыруға мүмкіндік алды.
Өткен жылдан бастап қайта жаңғыртылып жатқан малшылар слетінің негізгі мақсаты - төрт түлікпен шұғылданатын шаруаларға ата кәсіптің жаңа замандағы мәні мен мағынасын түсіндіру, салаға жаңа заманауи озық технологияларды енгізу, майда шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру арқылы ірі өңдеу кәсіпорындарын қалыптастырып, мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру.
Малшылар слетіне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты қызметкерлері, белгілі ғалымдар, өнім өндіруші компаниялардың өкілдері, үш көршілес - Ақтөбе, Қарағанды, Онтүстік Қазақстан облыстарының делегациялары келіп қатысты.
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев екінші облыстық малшылар слетінің ашылуымен құттықтап, слет қатысушыларының жұмысына сәттілік тіледі.
- Аграрлық секторды дамыту үшін бізде орасан зор мүмкіндіктер мен резервтер бар. Аймақтың экспорттық потенциалын жоғарылату мақсатында бюджеттен қаражат бөліп, облыстың «Агрокартасын» әзірлеп жатырмыз. Қызылорда қаласында тәулігіне 3 тонна жартылай фабрикатталған ет өнімін өндіретін аспаздық-фабриканың құрылыс жұмыстары аяқтауға жақын. Бұдан бөлек, Жаңақорған ауданында жылына 7 мың тонна тоқты етін өңдейтін ет комбинатын салу жобасын іске асыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Келесі жылдан бастап іске асатын бұл жобалармен Сіздер жаңа көрмеде таныстыңыздар, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Айта кету керек, қазір облыста ірі қара, жылқы және түйе малының саны ең берекелі 1993 жылғы деңгейден асып түсті, ал қойдың саны жақсы қарқынмен өсу үстінде.
Шара аясында ауыл шаруашылығының әр саласында еңбек етіп жүрген бір топ шаруалар марапатталды. Малшылар слеті нағыз еңбеккерлердің тойына ұласып, киіз үйлер тігіліп, ұлттық дәстүр ұлықталды. Ресми шарадан соң қыз қуу, аударыспақ, қазақша күрес, теңге ілу мен қол күресі және арқан тарту сияқты ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды.