30 МАМЫРДА ЕЛ АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте және шығыста бұршақ болуы ықтимал.
Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет. Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында күндіз бұршақ болуы ықтимал, Қостанай облысында түнде тұман түседі. Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ болуы ықтимал. Атырау облысының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.