«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ САЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-САБАҚ ӨТТІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басшылары Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жеке құрамына «Сыбайлас жемқорлықтың салдары» атты семинар - сабақ өткізді.
Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма бастығы Б.Ниязов сыбайлас жемқорлыққа қарсы статистикалық деректерді, түйсіну индексі және әлемдегі елдердің ілеспе рейтингісін келтірді.
Одан соң, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық-атқару колониясында жазасын өтеп жатқан бұрынғы әскери қызметкерлерінің өкінгендерін бейнесюжет арқылы көрсетті. Сонымен қатар, олар бенйесюжетте бас бостандықтан айырылудың, әлеуметтік және психологиялық зардабын айтты.
Сондай-ақ стратегияның негізгі мақсатының бірі - сыбайлас жемқорлық пен оны жасауға себеп болған жағдайларды жою мен оның алдын алу болып табылады деді, сала қызметкерлері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Андасов өз сөзінде, Елбасының «100 нақты қадам» жоспарының аясында қабылданған заңдарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін жаңа құқықтық тетіктері құрылды,-деді. Семинар-сабақтың қорытындысы бойынша қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат кестесі орналастырылған «Біздің борышымыз - Халыққа адал қызмет ету» кітапшалары таратылды.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі