ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АПАТТЫ БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ ОРНЫНА ЖАҢАСЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Қызылорда облысында апатты балабақшалар мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.
«Облыс бойынша 18 апатты балабақша бар. Олардың төртеуі бүгінде жаңадан тұрғызылуда. Атап айтсақ, олар Қызылорда қаласындағы «Қарлығаш», Жаңақорған ауданындағы №13, Арал ауданындағы «Желкен» және Қазалыдағы «Жауқазын» балабақшалары. Қалған апатты балабақшалар МЖӘ механизмі есебінен жаңа ғимараттарға ауыстырылады», – деді облыстық мәслихаттың сессиясында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы.
Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, экономикадағы дағдарысқа қарамастан, Сыр өңірінде соңғы жылдары мектепке дейінгі мекемелер бой көтеріп жатыр. Аймақтың барлық бүлдіршінін балабақшамен қамту үшін жан-жақты қаржыландыру көздері қарастырылуда. Елімізде алғашқы жекешелендіру кезінде жекенің меншігіне өткен 14 ғимараттың 10-ы мемлекетке қайтарылды. Қалған 4 балабақша ғимараты бойынша келіссөздер жүріп жатыр.
«Қызылорда облысында санаторлық типтегі балабақшаны қажетсінетін балалар саны азайып келеді. Бүгінде дәл осындай 13 мектепке дейінгі мекеме бар. Осыдан төрт жыл бұрын оларға 1600 бала барып жүрген болса, қазір 1115 бала тәрбиеленеді», – деді Кенжеханұлы.
Жалпы алғанда, облыстық білім басқармасының ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысында 700-ден астам мектепке дейінгі мекеме бар, оларға 46 мыңға жуық бала барады. Аймақтағы балабақшалардың 65%-дан астамы жекеменшік, солардың көбісі мемлекеттік тапсырысты орындап отыр.