ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНУДА
Қызылорда облысында Қоғамдық кеңестің «ашық есік» түріндегі кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда жер реформасына қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлады Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңесінің баспасөз қызметі.
Достық үйінде өткен Қоғамдық кеңес отырысына тілек білдірушілердің барлығы қатысты. Жиналғандар алдында облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы, жер реформасы жөніндегі республикалық комиссия мүшесі Самұрат Имандосов сөз сөйледі. Ол кездесуге қатысушыларға комиссияның жұмысы туралы айтып, Жер кодексінің жаңа баптары бойынша түсіндірме жасады.
Жер заңнамаларын түсіндіруге байланысты облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев сөз сөйлеп, облыс тұрғындарын толғандырып жүрген нормаларға нақты тоқталып өтті.
Кездесудің соңында әрбір сұрақ қойған азамат облыстық жер қатынастары басқармасы мен қалалық жер қатынастары бөлімінің басшыларынан қажетті кеңес алды. Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы С. Имандосов пен жер қатынастары бойынша мамандар кездесуде айтылған өзекті мәселелердің барлығына жан-жақты жауап берді. Отырысқа қатысушылардың ұсыныстары жер реформасы мәселелері бойынша республикалық комиссияның Штабына жолданатын болады.