ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЖАС КӘСІПКЕРДІҢ АЯҚ КИІМ ШЫҒАРУ ЖОБАСЫН КОЛДАДЫ
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 23-жастағы Жаңақорғандық кәсіпкер Оразай Қалымбетов аяқ киім шығаратын цехын дамытуға 1,8 млн.теңге қайтарымсыз грант ұтып алды.
Осыдан бірнеше ай бұрын жас кәсіпкер Оразай Қалымбетов «Жаңақорғанда жасалған» брэндымен аяқ киімдер шығаруды қолға алып, тек Қызылорда облысында ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де танымал болып үлгерді. Цехта ескі құрал-жабдықтар қолданылғанымен, күніне 50 жұпқа дейін аяқ киімдер шығарылып келді. Кәсіпкердің сөзінше, гранттық қаражатқа жаңа қондырғыны сатып алу арқылы өнідіріс көлемін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік туды.
- Өзімнің аяқ киім желісін шығаруды бастағанымда, көп адамдар өнімге қызығушылық танытты. Тапсырыстар күн санап артуда, ал ескі құрал-жабдықтар тұтынушылардың сұранысынқанағаттандыруға кедергі тудырды. Аудандық жастар ресурстық орталығының бағыттауымен Даму Қорының Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгіндім. Даму Қорының кеңесшісі Ұлпан Аширова бизнес-жоспар әзірлеп, Гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға қажетті құжаттарды жедел дайындап үлгердім. Облыстық әкімдікте менің жобам қолдау тауып, цехтың өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін құрал-жабдық сатып алуға грант бөлді,- дейді Оразай Қалымбетов.
Барлығы жыл басынан Аймақтық Үйлестіру Кеңесі жалпы сомасы 17,8 млн.теңге болатын 20 жобаны қолдап, бастауыш кәсіпкерлердің бизнес басауына гранттық қаражатын бөліп отыр. Аталған қолдауға ие болған кәсіпкерлердің жобалары сәтті жүзеге асқан уақытта жаңадан 40 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.