МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛҒАН КОМПАНИЯЛАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ
Астана экономикалық форумының пленарлы отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға сенiм бiлдiрiп, инвестиция салған шетелдiк компанияларға алғыс айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Біз ірі трансұлттық компаниялармен тиімді ынтымақтастық орната білдік. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға 255 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Сондықтан Қазақстанға инвестиция салған барлық компаняларға алғыс айтқым келеді. Бұл әлемнiң біздің реформаларға сенім білдіргенінің белгісі. Біз, өз кезегiмiзде, алдағы уақытта да сенімнен шыға беруге тырысамыз», - дедi Президент.
Елбасы тәуелсiздiк жылдары халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жасалған жұмыстарға тоқтала кетудi жөн көрдi.
«Тәуелсіздік жылдарында 1400 мектеп, 1300 денсаулық сақтау нысаны салынып, әлеуметтік салаға жұмсалатын шығын 6-дан 10 пайызға дейiн көбейді. Бәлкім, бұл мәлімет сіздер үшін маңызды емес шығар, бірақ мен мұны кеңес заманында денсаулық сақтау, білім беру саласы осындай нәтиже көрсете алмаған соң айтып отырмын. Соңғы 10 жылда қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі 64-тен 73 жасқа дейін ұлғайды. Бұл – менің заманымның атқарған жұмысын көрсететін басты нәтиже», - дедi өз сөзiнде Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ, осы жылдары 100 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, баспанамен қамту деңгейі 1,5 пайызға көбейгенiн айтты. Бұған қоса, 10,5 мың шақырым автожол қайта жөнделіп, жаңадан салынды. Индустрияландыру бағдарламасы аясында құны 4 трлн теңге болатын 1000 жаңа кәсіпорын iске қосылып, 10 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
«Дағдарысқа қарамастан, елдің халықаралық резерві Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда 95 млрд долларды құрады», - дедi Президент.