ЕРЕКШЕ МЫСЫҚ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Қызылорда қаласына қарасты Қаракөл ауылында ерекше мысық дүниеге келді, деп хабарлады «қоғам тв» арнасы. Бұл марғаудың басқалардан айырмашылығы алдыңғы 2 аяғының жетілмей қалуы. Бірақ, кішкентай бала мысық өз кемшілігін елемей, бауырымен жорғалап-ақ кәдімгідей ойнап, секіре алады.
Бұл марғаудың анасы Маркиса есімді мысық. Шалбаевтар отбасына келіп, 4 жылдан бері қожайындарының жанында. Мысық осы аралықта қанша марғауды дүниеге әкелседе мұндай жағдай болған емес екен. Бұған дейін бір-екеуімен ғана шектелсе, бұл жолы үшеуін туған. Дүниеге келгеніне бар болғаны 1 айдан асыпты. Ерекшелігі — екі аяғы жетілмей қалған. Соған қарамастан, сүйкімді бала мысық асыр салып ойнағанда, өзге бауырларын шаң қаптырады. Бауырымен жорғалап, өзіңмен жарыса алады. Өз бетінше тамағын жеп, тірлік етеді. Басында шошыдық дейді үй иесі. Көзін құртып, өлтіреміз бе деген ой да келген екен. Алайда, кішкентай тіршілік иесі өмір сүруге тиісті деп шешіпті.
Үй иесі Қаракөл ауылының ветеринарына хабарласқан. Алайда олар мән бермепті де. «Ол экология ғой» деген ғана жауап алған.