ХХХІ ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА СЫР ЕЛІНЕН 5 СПОРТШЫ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Биылғы жылдың басты әрі маңызды оқиғасы - Бразилия елінің Рио-де-Жанейро қаласында өтетін ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына Сыр елінен 5 спортшы жолдама алды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС-не қарасты облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев мәлімдеді.
Олар – Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, ауыр атлетші Илья Ильин және оның тәрбиеленушісі, әлем чемпионы Александр Зайчиков, еркін күрестен әлем чемпионы Ғалымжан Өсербаев, стенд атудан ҚР құрама командасының мүшесі Максим Коломец және таеквондошы Айнұр Есбергенова.
- Соңғы жылдары облысымызда спорт саласы қарқынды дамып келеді. Соның бір биылғы жылдың өзінде облыс спортшылары ел чемпионаттарында 523 медальді, Азия, Әлем чемпионаттарында 56 медаль ұтып әкелді. Бұқаралық спорт та жақсы дәрежеде. Облыста жалпы дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 192 885 адамды құрады, – деді Садық Мұстафаев.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА