АРНАЙЫ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Жаңақорған және Шиелі аудандарында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицерлері капитан Б.Кенжебаев, лейтенант Ж.Жүгінісов пен офицер аға лейтенант А.Ибраевтар арнайы-тактикалық оқу-жаттығуды ұйымдастырды. Оқу-жаттығу Шиелі ауданының «РУ-6» ЖШС «Қарамұрын» кешеніндегі радиациялық аварияны жою, басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің болуы мүмкін төтенше жағдай кезінде әрекет ету тақырыбында болды. Оқу-жаттығуға аудандағы азаматтық қорғау қызметтері қатысты.
Н. ИБРАГИМОВ,
Азаматтық қорғаныс басқармасы
бастығының міндетін атқарушы майор
Н. ИБРАГИМОВ,
Азаматтық қорғаныс басқармасы
бастығының міндетін атқарушы майор