ЖЕР РЕФОРМАСЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ПАРАҚШАЛАР АШАДЫ - М.ӘБЕНОВ
Жер реформасы жөніндегі комиссия әлеуметтік желіде парақшалар ашады. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның Құқықтық және Ақпараттық-түсіндіру бағытындағы жұмыс тобының алғашқы отырысында Ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Мұрат Әбенов мәлім етті.
«Комиссия жұмысының кері байланыс мәселесіне келсек, Қазақстанның әрбір азаматы біздің жұмысымыздың ашықтығын білуі керек. Олардың өтініштерін қарайтын жолдар болуы керек, яғни жазбаша өтініштер қабылдауды, Интернет арқылы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастыруға тиіспіз. Біз осы жұмыстарды да үйлестіретін боламыз», - деді М.Әбенов.
Оның айтуынша, комиссияның әлеуметтік желіде ашылатын арнайы парақшасына келіп түсетін барлық ақпараттар талданып, сарапталып олар алдағы жұмыс барысында пайдаланылуы мүмкін.
«Жалпы, айта кетерлігі Комиссияның өзінде қазіргі кезде жеке меншікте тұрған жерлердің иелену заңдылығы мәселелері бойынша ақпараттар да жеткіліксіз, жеке меншікке сатылған немесе жалға берілген жерлердің тиімді пайдаланылуына қатысты ақпараттар да жоқ. Сондықтан да, ақпараттық-түсіндіру тобы осы мәселелермен де айналысатын болады», - деді М.Әбенов.