СӘРСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЙБІР АУДАНДАРЫНДА ТҰМАН ТҮСІП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, ауа райы ашық болады. Тек еліміздің батысы, оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Республиканың кейбір аудандарында тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының кей аумақтарында тұман түседі. Республиканың батысы, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.