СЫР ЖАСТАРЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚАЛАЙ ӨТУДЕ?
Бүгін Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен жазғы кезеңде жұмыспен қамтылған жастардың объектілері бойынша пресс-тур болды. Пресс-турдың мақсаты – еңбек етіп жүрген жастарды насихаттау арқылы жастарды еңбекке тарту.
Алдымен «Сырдария» балалар тынығу лагеріндегі «Ұлағат ұландары» педагогикалық жасағының жұмысымен таныстық. «Сырдария» лагерінде бүгінде үш ұлағаттық 7 ауысымда 1050 балаға тәлімгерлік жасауда. Ал облыстық наркология орталығында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына да жастар тартылып, жұмыс жасауда.
Мердігер компания «МерСам» ЖШС-нің директоры Самат Сейдахметовтың айтуынша, бүгінде жастар құрылыс жасақтарынан құрылған 30 жас жұмыспен қамтылған. Құрылыс компаниясы олардың айлық табысын төлеп отыр.
- Жастар өте епті, жөндеу жұмыстарының қыр-сырын меңгергендіктен, қазір олардың айлық табысын көтеруді жоспарлап отырмыз, - деді С.Сейдахметов.
Ал «Ибрайхан и К» ЛТД компаниясының атқарушы директоры Бағлан Мұсабаев «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 19 жасты жұмыспен қамтылып, жастар ағаш ақтау, шөп жұлу сияқты жұмыстармен қамтылып отырғанын атап өтті.
Айта кету керек, қазіргі таңда облысымызда жастарды еңбекпен қамту мақсатында құрылыс жасақтарына 197 жас, жазғы демалыс лагерлерінде «Ұлағат Ұландары» педагогикалық жасағына 40 тәлімгер жас және аймақты көркейту және көгалдандыру бойынша «Жасыл ел» еңбек жасақтарына 500 сарбаз тартылып, жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Шынар БЕКБАН