ЖАҢАҚОРҒАНДА ЕКІНШІ ОБЛЫСТЫҚ МАЛШЫЛАР СЛЕТІ ӨТЕДІ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Үсен бауы тау шатқалында 28-29 мамыр күндері екінші облыстық малшылар слеті өткізіледі.
Слеттің бірінші күні Жаңақорған кентінің мәдениет үйінде «Мал шаруашылығын датыту» тақырыбында ғылыми практикалық семинар өткізіледі. Семинарда ҚР АШМ-нің өкілі «Мемлекеттің мал шаруашылығын дамытудағы саясаты», тақырыбында баяндама жасалады. Одан бөлек Қазақ ұлттық аграрлық университетінің және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары «Ауыл шаруашылығы жануарларының инфекциялық ауруларының алдын алу және емдеу», «Ет бағытындағы МІҚ малын азықтандырудың баланстық жүйесін ендіру» және «Қызылорда облысында қазақтың ақбас сиыры тұқымының өнімдерін жаңа биотехнологиялық тәсілдермен дамыту» тақырыбында хабарламалар жасап, өз тәжірибелерімен бөліседі.
Еңбек мерекесіне ата кәсіпті тіршілігінің өзегіне айналдырып отырған шаруалар қатысады. Екі күнге созылатын ауқымды шарада шаруалар өзара тәжірибе алмасып, арнайы ұйымдастырылған көрмеде өздерінің талай жылғы еңбектерін таныстыруға мүмкіндік алады.
Шара аясында ауыл шаруашылығының әр саласында еңбек етіп жүрген бір топ шаруалар марапатталады.
Малшылар слеті нағыз еңбеккерлердің тойына ұласып, киіз үйлер тігіледі. Ұлттық дәстүр ұлықталып, ұмыт болған салттар қайта жаңғыртылмақ. Ресми шарадан соң қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу мен қол күресі және арқан тарту сияқты ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастыралады. Еңбеккерлердің мерекесі концерттік бағдарламамен қорытындыланады.