ҚАЗАҚСТАН ТРАССАЛАРЫНДА 1 МАУСЫМНАН БАСТАП ЖҮК КӨЛІКТЕРІ АЗАЯДЫ
1 маусымнан бастап Қазақстан трассаларында жүк көліктері азаяды, - деп хабарлайды tengrinews.kz Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің мәліметінше, 1 маусымнан бастап ауа температурасы 25 градустан жоғары болған жағдайда сегіз тоннадан жоғары жүк тиелген көліктердің қозғалысы шектеледі.
Шектеу Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аумағы), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына биыл 1 маусымынан 31 тамызына дейін, 11.00 - 21.00 аралығында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аумағы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиісті жылдың 1 маусымынан 15 тамызына дейін сағат 10.00 - 22.00 аралығында енгізілді.
Ведомствоның мәліметінше, жол қозғалысына шектеу енгізуге жазғы кезеңде ауа температурасының көтерілуіне және күн сәулелерінің тікелей әсеріне байланысты жол төсемесі тұтқырлық қасиетін жоғалтуы себеп.