ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА МАЛ ҰРЛЫҒЫ 15,5 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН
Жыл басынан бері 359 ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлау қылмысы тіркелген. Нәтижесінде 662 бас мал ұрланған, оның ішінде 300 МІҚ, 162 уақ мал, 173 жылқы және 27 түйе. Өткен жылдың төрт айымен салыстырғанда 15,5 пайызға төмендеген. Бұл туралы Қызылорда облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов хабарлады. Талдау көрсеткендей 72 пайыз үй жануарлары еркін бақылаусыз жайылымнан ұрланған.
- Мал ұрлығының деңгейін төмендету мақсатында Қызылорда облысы прокуратурасы мен мүдделі мемлекеттік органдар бірлесіп, мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасын әзірледі. Жол картасын жүзеге асыру бюджеттік шығындарды көздемейді, ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлау деңгейін азайтуға мүмкіндік береді, - деді Е.Апетов.
Қазіргі уақытта жұмыс тобы құрылды. Ай сайын ведомствоаралық кеңестерде мемлекеттік органдар басшыларының іс-шараларының орындалуының нәтижелері туралы есептері тыңдалады.
Шынар БЕКБАН