ҚЫЗЫЛОРДАДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУҒА 137 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ ҚАТЫСАДЫ
Ертең Қызылорда облысында 298 мектепте соңғы қоңырау соғылады. Салтанатты шараға 136991 оқушы қатыспақ.
Осынау жауапты сәтке биылғы түлектермен қатар ұс¬таздар қауымы, ата-аналар жан-жақты дайындалуда.
Қызылорда облысында білім сапасын жақсартуға барлық жағдай жасалған. Мәселен, Қызылорда облысы жан басына шаққанда білім саласына қаржы бөлуден республикада көш бастап тұр. Өткен оқу жылында мектеп бітірушілердің 93,6 пайызы өздері қалаған мамандықтары бойынша оқуға түскен. Сондай-ақ, 321 қызылордалық Ресей Үкіметінің гранты есебінен Мәскеу мен Санкт-Петербургтің мақтаулы оқу орындарында білім алуда. Биыл тағы 250 грант бөлінеді.
Жалпы, биыл 6566 оқушы мектеп бітіреді. Оның 4559-ы, яғни 69,5 пайызы ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр. Сынақ тапсыратындардың басым бөлігі жаратылыстану-математика бағытын таңдауда. Түлектердің 352-сі «Алтын белгіге», 135-і «Үздік аттестатқа» үміткер.