БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ АВТОШЕРУ ӨТКІЗУЛЕРІНЕ ТЫЙЫМ САЛУ КЕРЕК
Ертең барлық мектептерде болатын соңғы қоңырау салтанатынан кейін бітіруші түлектердің автошеру өткізулеріне тыйым салу керек. Осы мәселе бойынша кеше №101 орта мектептің мәжіліс залында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Жаукеевтің, Қызылорда қалалық Білім беру басқармасының басшысы А.Есжановтың, сонымен қатар, мектеп директорлары мен ата-аналар комитеті төрағаларының, полиция қызметкерлерінің қатысуымен жиын болып өтті, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметі. Жиында бітіруші түлектердің автошеру өткізуіне тыйым салу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдағы апаттылық жағдайының алдын алу мәселелері қозғалды.
- Автошеру ұйымдастырып, автокөлік жарыстырып қана қоймай, жолдағы кедергілерге ғана емес, жол қозғалысы мен басқа да жүргізушілердің қауіпсіздігіне кері ықпал ететінін жақсы білеміз. Осы орайда, 25 мамыр - «Соңғы қоңырау» күні қарсаңында Жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы жоспар жасап, қызметкерлерге нақты тапсырмалар берілді, - деді полиция подполковнигі Е.Жаукеев.
Шынар БЕКБАН