СОҢҒЫ 8 ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ 34 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ
Денсаулық сақтау жүйесін мамандармен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 2007-2015 жылдар аралығында Қазақстанда республикалық және аймақтық деңгейде медицина кадрларының жетіспеушілігі 34 пайызға немесе 2 мыңнан астам адамға азайды.
«2005-2010 жылдар аралығында медициналық ЖОО-да түлектер санын арттыру барысында барлық мамандықтар бойынша дәрігерлер жетіспеушілігі төмендеді», - деп хабарланды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен.
Аймақтарды медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және медициналық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында ҚР ДСӘДМ бірқатар кешенді шараларды жүзеге асыруда.
Осы орайда министрлік бастамасымен 2011 жылы «Білім туралы» ҚР Заңына медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік бюджет есебінен білім алған түлектердің 3 жыл ішінде міндетті түрде жұмыспен өтеуі туралы норма енгізілді. Жоғарыда аталған түзетулер күшіне енгеннен кейінгі медициналық ЖОО-ға түскен студенттердің алғашқы түлектері 2019 жылы оқуларын аяқтайды.
Сонымен қатар жыл сайын еліміздің барлық медициналық ЖОО-да ҚР ДСӘДМ, облыстық, Астана және Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармалары өкілдерінің, медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің және түлектердің қатысуымен бос орындар жәрмеңкелері өткізіледі. Оның нәтижесінде жас мамандар еліміздің өңірлеріндегі медициналық ұйымдарға жұмыс істеуге жіберіледі.
«Мұнымен қоса, медициналық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мен оларды өңірлерге бөлу бойынша жыл сайынғы ҚР ДСӘДМ жол картасына сәйкес, жас мамандарды бекітуді жеке-жеке бақылау жүзеге асырылуда»,-дейді ведомство өкілдері.