ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҮІІ «БАЙҚОҢЫР» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТЕДІ
Қызылорда облысында 27-28 мамыр айында ҮІІ «Байқоңыр» инвестициялық форумы өтеді. Бүгін облыс әкімдігінде өткен брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев БАҚ өкілдеріне форумның бағдарламасы мен секция жұмысымен таныстырды.
Облыс әкімі орынбасарының мәлімдеуінше, форумға 12 елдің өкілдері қатысатын болады. Қонақтардың ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі Тимур Сүлейменов, Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев, сондай-ақ, Қазақстандағы Корея республикасының бас консулы қатысады.
- Барлық елді өкілдері нақты жобалармен келеді деп күтілуде. Форум барысы төрт секциядан тұрады: мемлекеттік-жеке әріптестік, шағын және орта бизнесті дамыту, ауылшаруашылық кооперативтерін құру және туризм саласын дамыту, - деді Ғ.Әміреев.
Шынар БЕКБАН