СЫР ЕЛІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДА ІЛГЕРІЛЕУ БАР
Қызылорда облысында ауылшаруашылық саласы дамуында ілгері жылжу бар. Бұл туралы бүгін облыстық әкімшілікте өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев хабарлады.
Облыс әкімі орынбасарының мәлімдеуінше, үстіміздегі жылы Иран мемлекетімен жүргізілген келіссөздердің арқасында ирандық күріш сортын облысымызда өсіріп, оны қайтадан Иранға экспорттауға қол жеткіздік. Сонымен қатар, бақша саласын да дамытуды жүзеге асырып, кезіндегі қызылордалық қауынның атын қайта жаңғыртуды қолға алмақпыз. Биыл шамамен 500 гектар жерге қауын егуді жоспарлап отырмыз. Осы орайда бақша өндірісін ұлғайтуға байланысты ресейлік нарықты меңгеруге белсенді жұмыстар бастамақ. Қазіргі уақытта «Магнит» секілді ірі ресейлік сауда орындарымен келіс-сөз жүргізіліп кетті. Сонымен қатар басқа да Саратов, Самаров облысы, Татарстан мен Башқұртстан Республикасымен де келіс-сөздер жүргізіліп жатыр.
- Биыл оннан аса дәнді-дақылдар егу жоспарлануда. Соның ішінде, мақсары, соя және жүгері секілді зәйтүн мәдениетіне сынама жасап жатырмыз. Анықталғандай, біздің жерімізде барлық дақыл түрлері өсіруге болады, - деді Ғ.Әміреев.
Шынар БЕКБАН