БАЙҚОҢЫРДАН «ПРОТОН-М» ЗЫМЫРАН-ТАСЫҒЫШЫН ҰШЫРУ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ
«Бриз-М» блогы мен Intelsat DLA2 ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышын 2016 жылғы 28 мамырға жоспарланған ұшыру техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды.
Бұл туралы «М.В.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндіріс орталығының коммуникациялар бойынша дирекциясына сілтеме жасап «Новости космонавтики» сайты хабарлады.
Хруничев орталығының мамандары Байқоңыр ғарыш айлағында старт алдындағы тексеру барысында анықталған ескертуді жою жұмыстарын өткізіп жатыр.
Зымыранды ұшырудың жаңа датасы ұшыруға дайындық расталған соң жарияланады, деп атап өтілген ақпараттық хабарламада.