ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНАН 50 САРБАЗ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға Ақтау қаласында орналасқан «Біз қайда – жеңіс сонда!» - деп ұрандататын 390-шы теңіз жаяу бригадасына Сыр елінен 50 сарбаз әскерге шығарылып салынды –деп хабарлайды Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі баспасөз қызметі.
Салтанатты шығарып салу рәсіміне Қызылорда қалалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмабек Шахатов қатысып сарбаздарға ақ батасын берді. Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы 390- шы теңіз жаяу әскер бригадасының аға офицері, гвардия майоры Бекболат Рахымбеков өз сөзінде: Республика бойынша үздік деп танылған сарбаздар туралы мәліметті сұрайтын бірден – бір жергілікті басқару органдарының бірі, ол - Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті екенін атап өтті. Үздіктердің-үздігі қатарынан көрінетін сарбаздар болыңыздар. Туған – жерлеріңізге абыроймен оралуына тілектес екенін білдірді.
Шара соңында Ауған соғысының ардагері, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы генерал – майор Ә.Ерниязов ер-жігіттік намыстарыңа дақ түсірмеңдер! – деп қорытындылады.