ТҮЛЕКТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ ҚЫЗЫҚТЫРДЫ
Жастар ресурстық орталығында Мемлекеттік қызмет істері департаментімен жоғары және арнайы орта оқу орындарының түлектері мен жас мамандарға «Ашық есік күні» өткізілді. Іс - шара облыстық ішкі саясат басқармасы мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Қатысушыларды Департамент басшысы Жазира Жылқышиева қарсы алып, мемлекеттік қызметтің беделін атап өтіп, мемлекеттік қызметке түсу мен бос әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысу тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ Департамент басшысы жастарды жеке қабылдау өткізді.
Жастар мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының мәселелері бойынша көрнекі жадынамалармен танысуға мүмкіндік алды.
Түлектерді мансаптық өсу мәселелері, мемлекеттік органдарда сұранысқа ие мамандықтар тізімі қызықтырды. Жастардың көпшілігі болашақта бос лауазымдарға орналасу мақсатында конкурстарға қатысуға ниет білдірді.
Өз кезегінде, Департамент қызметкерлері қажетті ақпараттарды беруге дайын екенін атап өтіп, оларға өз қызметтерінің кәсіпқойы болуларына тілектес екенін білдірді.
Атап өту керек, Мемлекеттік қызмет істері департаменті және Жастар ресурстық орталығымен «Жастар кадрлық резерві мектебін» құру туралы Меморандумға қол қойылды, осылайша мемлекеттік қызметшілер кадрлық резервін қалыптастыру іске қосылды.
Сондай-ақ Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі жұмыс іздеп жүрген жас мамандар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Бөлім мамандары «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу, жаңа мамандықты алу және кайта оқу мүмкіндіктері, жастар тәжірибесіне қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарына тұру және ақылы қоғамдық жұмыстар атқару мәселелері бойынша кеңес берді.