ҚЫЗЫЛОРДАДА СЕМИНАР-САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінде «Ішкі істер органдарында тәртіп, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету» тақырыбында семинар-сабақ өтті. Қызылорда облысы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ хабарлағандай, іс-шараға ІІД Әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны Ж. Жахияев қатысты.
Семинар барысында Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Қ. Шарафадинов жеке құрамға өрт сөндіру қызмет барысында әскери тәртіп, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы шолумен таныстырды.
Бұдан әрі полиция капитаны Ж. Жахияев қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін азаматтық қорғау қызметкерлеріне түсіндірме жұмысын өткізді. Ерекше назар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және көлік жүргізуді сақтау тәртібіне аударылды.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс, - деді Қызылорда облысы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ғ.Імбетов.
Семинар-сабақ қорытындысы бойынша азаматтық қорғау қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға ішкі істер қызметкері толық жауап берді.