«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ «НҰР СҰҢҚАР» БАЙҚАУЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙДЫ
«Нұр Отан» партиясы жыл сайынғы журналистерге арналған «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды. «Нұр Сұңқар» – бұл жыл сайынғы дәстүрлі үрдіс – партия мен БАҚ өкілдері арасында әріптестік пен ынтымақтастықты дамытуға үндейтін ел аумағындағы барлық журналистерге арналып өткізілетін ашық байқау, деп хабарлайды BNews.kz.
Байқау жұмыстарының тақырыбы – партияның аса маңызды бастамаларын, партияның жастар саясатын, партия мен оның филиалдары, маслихаттардағы фракцияларының жұмысын, сондай-ақ бастауыш ұйымдарының қызметін жария ету.
Өткен жылы «Нұр Сұңқар» байқауына қатысуға республикалық және өңірлік БАҚ-тан 220 өтініш түсті, олардың ішінде 132 жұмыс алдын-ала іріктеуден өтті. Келіп түскен материалдардың 65%-ы қазақ тілінде болғанын және 2/3 байқау материалдарын өңірлік журналистердің ұсынғанын атап өткен ләзім.
Байқауға Елбасы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған міндеттерінің іске асырылу барысы, «Қазақстан-2050» стратегиясының басымдықтары, партия Доктринасының ережелері, сондай-ақ партиялық бастамаларды жариялаған журналистердің еңбектері қабылданды.
2015 жылдың 1 қыркүйегінен 2016 жылдың 19 маусымына дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар және де жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері түрлі жанрларда (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер және басқалары) қабылданады.
Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2016 жылдың 20 маусымы (алынатын күн). Жеңімпаздар 2016 жылдың маусымында Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласында марапатталады.
Осылайша, жеңімпаздар 8 номинацияда анықталады:
1. «Ерекше пікір» – Ең үздік телевизиялық журналист;
2. «Сөз шебері» – Ең үздік газет журналисі;
3. «Қоғам үні» – Ең үздік радио журналисі;
4. «Медиа-профи» – Ең үздік ақпараттық агенттік журналисі;
5. «Көзқарас» – Ең үздік блогер;
6. «Аймақ айнасы» – Ең үздік өңірлік корреспондент;
7. «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілетуге қосқан үлесі үшін»
8. «Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін»
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылады.
Материалдарды Байқаудың ұйымдастыру комитетіне келесі мекен-жайға жолдау керек: 010000, Астана қаласы, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты, Д.Қонаев көшесі, 12/1, №705 каб., тел.: +77172 70 76 01, +77172 55 55 63, электрондық пошта мекен-жайы: nursunkar2016@nurotan.kz.