БИЫЛ ШАҺАРДА 16 КӨШЕ ЖӨНДЕЛМЕК
Биыл облыс орталығында 16 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Ал осы күндері ұзындығы төрт жарым шақырымды құрайтын жаңа көше салынып жатыр, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы.
Дария бойын жағалай салынатын жаңа магистраль құрылысы. Сұлтан Бейбарыс көшесі мен «Қызылорда-Жалағаш» трассасын байланыстыратын көшенің ұзындығы төрт жарым шақырым. Жалпы құны 2 миллиард теңгеден асатын жолдың биыл Мұратбаев көшесіне дейінгі аралығы пайдалануға берілмек. Қазір мұнда өзен жиегін тастармен бекіту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы үстіміздегі жылы қала бойынша ұзындығы 21,4 шақырымды құрайтын 16 көшеге орташа жөндеу жүргізілсе, Шымбай және Сүлейменов көшелерінің бір бөлігіне қайта жаңғырту жасалмақ. Ковтунов көшесінің тұрғындары билікке айтқан базынасының көп ұзамай орындалғанына қуанышты. Өткен жылы көше мәселесіне қатысты бір топ тұрғын қол қойған арыз аймақ басшысына жолданған. Тиянақты тапсырма мен тыңғылықты жұмыстың нәтижесі көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Көшелерді жөндеу шет аймақтарда да жалғасуда. «Анкема» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі КБИ мөлтек ауданындағы Сарыарқа көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, өткен жылы 24 көше орташа жөндеу мен жаңғыртудан өткізілген. Жыл сайын жоспарға сай кезең-кезеңімен жүзеге асатын жұмыстардан бөлек жекелеген компаниялар жергілікті билікпен бірлесе отырып, тұрғындардың талабына сай мүлдем жүруге жарамсыз жолдарды қалпына келтіру шараларын да атқаруда.