ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Жолдағы қауіпсіздік – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Жол-көлік оқиғасынан болатын материалдық және адам шығынының өсуін болдырмау мақсатында құзіретті органдар тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Мұндай жұмыстардың басты мақсаты – жол апаты келеңсіздіктерін алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Осы бағытта Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру бағытына сәйкес және жұртшылықтың алдында полицияның имиджі мен оған сенімін арттыру мақсатында Шиелі ауданында «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді. Аталған акцияға Қызылорда облысының ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшы құрамы қатарынан қызметкерлер тобы мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.
Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу, халыққа Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілерді кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызылорда ОІІД Әкімшілік полициясы басқармасы, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың мамандары азаматтарды қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдап, мазалаған сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлерінің жұмыс жасау деңгейі, азаматтардың құқықтарын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыс дәрежесін саралау мақсатында сауалнамалар жүргізілді.
Акцияға жалпы Шиелі ауданынан 76 тұрғын қатысып, жиналған қауымнан 28 сұрақтар мен сауалдар келіп түсті. Қойылған сұрақтардың барлығына мамандармен толық жауап берілді.
Аталған акция осы жылы үшінші рет өткізіліп отыр. Ағымдағы жылдың наурыз, маусым айларында Жалағаш, Қармақшы және қала орталығында өткізілген болатын.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі