ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН БАЛАМА ӘДІЛ СОТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
2016 жылғы 20 мамырда Қызылордада «Сыр Ұландары» қоғамдық бірлестігі негізінде Заңға қайшы әрекет жасаған кәмелетке толмағандарға арналған балама әділ сот орталығыныңсалтанатты ашылуы Қызылорда облысы Әкімінің орынбасарының және Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Өкілінің қатысуымен өтті. Орталықты ашу барысында барлық шара қатысушыларына Қызылорда облысы әкімдігінің, Еуропалық Одақтың және Қазақстандағы ЮНИСЕФ ұйымының бірлескен бағдарламалары аясында жабдықталған кабинеттер көрсетілді.
Орталықтың басты міндеттері болып балама әділ сот тетігін қолдану мүмкіндігін іс жүзінде сынау, балама әділ сот жұмысын жүзеге асыру кезінде барлық мүдделі тұлғалардың өзара әрекеттестігін ұйымдастырудың жағымды және ұнамсыз тұстарын анықтау, сынама жоба негізінде балама әділ сот жұмысын ұйымдастырудағы тәжірибені бір жүйеге келтіру, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында балама әділ сот институтын енгізу тұрғысынан заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныс-кеңестер жасап шығару табылды.
Баршаға мәлім болғандай, Қазақстан сонау 1994 жылы ратификациялаған БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясы мүше мемлекеттерге қылмыстық заңнаманы бұзған деп саналған, оны бұзғаны үшін айып тағылған немесе кінәлі болып танылған балаларға балама әділ сот қағидаларын қолдану арқылы жұмыс жасау бойынша шаралар қолдануға қолғабыс етуге талпынуы тиіс деген талап қояды. Осы қағидаға ере отырып, әлемдік тәжірибеде балама әділ сот жүйесі балаларды бас бостандығынан айырмай, дербес әдістеме қолдана отырып оңалтуды және қоғам қатарына қайта қосуды білдіреді. Бұл қылмыстық жауапкершілікті түзеу шараларының балама түрлерімен алмастыруды көздейді. Оған қоса, 2015 жылғы Қазақстанның төртінші мерзімді баяндамасы бойынша қорытынды ескертпелерінде БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті әділ сот жүйесінде балаларға психологиялық қолдау көрсетілуін және әлеуметтік жұмыс жүргізілуін қамтамасыз ететін органның жоқтығына алаңдаушылық білдірген. Айтылғанға орай,БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстанға қажет болған жағдайда барлық балаларға әділ сот жүйесінде психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілуін қамтамасыз етуге кеңес берген.
Ресми статистикаға сәйкес, ұлттық деңгейде де, Қызылорда облысында да кәмелетке толмағандардың қатысумен жасалатын қылмыстардың жартысы дерлік топтасып жасалады. Осылайша, қылмыстар санына қарағанда, қылмыс жасаған балалар саны көбірек. Атап айтқанда, Қызылорда облысында 2013 жылы 190 бала қылмыс жасаған. 2015 жылы бұл көрсеткіш 125-ке түсті.
Өз сөзінде Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі қоғам негізінде орталықтар құру маңыздылығын атап өтіп, келесіні атап өтті: «Бағдарлама бас бостандығынан айыру жазасын қолданусыз балаларды оңалтудың және қоғам қатарына қайта қосудың дербес әдістемесі тетігінің жұмысын көрнекі түрде көрсетеді. Сонымен қатар, сотпен тәрбиелік шаралар қолданылуын тағайындау туралы шешімінен кейін дербес қолдау көрсету курсынан өткен балалар, сот шешімі шығарылып, артынша қолдау көрсетілмейтін балаларға қарағанда, әлеуметтік жағынан қоғамға жақсырақ кірігетінінің және кейін заң бұзушылықтарға бару ықтималдығының төмен екенініңдәлелін айғақтайды».
Әкімшіліктің, прокуратураның, ішкі істер департаментінің, қылмыстық-атқару және білім беру жүйелерінің,
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өкілдерінің, сонымен қатар, қоғамдық ұйымдардың және аталмыш орталықта оңалту және әлеуметтік қолдау бағдарламаларынан өтіп жатқан кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары қатысқан дөңгелек үстел шараның маңызды сәтіне айналды.
Дөңгелек үстел қатысушылары «Сыр ұландары» ҚБ Қызылорда облысында жүзеге асырып жатқан балама әділ сот бағдарламасының жұмысымен танысып шықты.
Осы Орталықтың директоры Сәуле Әбілдаева көпшілік мақұлдаған бағдарлама шеңберінде балаларға психологпен дербес кеңесу, әлеуметтік қызметкердің қатысуымен жасөспірімнің отбасындағы әлеуметтік мәселелерді шешу, бос уақытын сапалы өткізу: пікірталастар, футболдан,волейболдан спорт үйірмелері, жаттығу залдары, репетитормен жұмыс жасау, құқықтық мәселелер жөнінде кеңес беру сынды әртүрлі мүмкіндіктер ұсынылатынын айтып берді». Орталығымызда 2 психолог, 2 әлеуметтік қызметкер, 4 дамыту маманы жұмыс жасайды. Олардың жұмысын менеджер және есепші қамтамасыз етеді». «Біз баланың әлеуметтенуін, оның қоғамға қайта оралуын және қоғам өміріне қайта қосылуын қалаймыз. Сонымен қатар, біз оның өз іс-әрекеттері үшін, өзі үшін және өз өмірі үшін жауапкершілікті өз мойнына алғанын қалаймыз», - деп қосты Сәуле Әбілдаева.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың тамызынан бастап «2015-2017 жж. арналған Қызылорда облысындағы балаларға арналған әділ сот жүйесі» бірлескен бағдарламасы «Сыр ұландары» жастар қоғамдық бірлестігімен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаның негізгі мақсаты болып балалардың құқықтарын қорғау бойынша халықаралық және ұлттық нормаларды ескере отырып, заңға қайшы әрекет жасаған балаларға арналған балама әділ сот жүйесінің және әлеуметтік қызметтердің үлгісін жасау табылады.