ҚАЗАҚСТАНДА 2019 ЖЫЛҒА ДЕЙІН КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Қазақстанда 2019 жылға дейін кәсіптік-техникалық колледждерде жаңа білім беру бағдарламалары енгізілетін болады, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, деп жазады primeminister.kz.
«Біздің мақсатымыз 2019 жылға дейін барлық колледждерде білім беру бағдарламасын жаңарту», - деді Е.Сағадиев «2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында тегін техникалық және кәсіби білім беруді енгізу тетіктері туралы» дөңгелек үстел барысында.
Ведомство басшысы жақын уақытта колледждерде несиелік-модульдік жүйеге көшу жоспарланғандығын айтты. Бұл, оның айтуынша, техникалық колледждер мен жетекші оқу орындарының арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.
«Бұл жерде екі элемент бар: біріншіден - модульдік жүйеге көшуге орай, ішіндегі мазмұнын параллельді жаңартудамыз. Бүгін «Кәсіпқор» холдингімен 45 модульдік білім беру бағдарламалары әзірленген және қосымша 147 – Дүниежүзілік банк жоспары бойынша. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап біз бұл білім беру бағдарламасын «Кәсіпқор» холдингіден бастаймыз», - деді ол.
Ол өз сөзінде «Кәсіпкер» холдингі осы жаздан бастап 2 мың 600 колледж мұғалімін дайындайтығын айтты.
«Олар осыған дайындалуда. Сондай-ақ бұл сандар болашақта өсетін болады», - деді министр.
Естерінізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай 2017 жылдан бастап тегін кәсіптік-техникалық білім беру енгізіледі. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Қазіргі таңда аталған жобаны енгізу бойынша тетіктер әзірленуде.