ЕМХАНАҒА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛМЕК
Қызылорда қаласындағы №6 емхана 2016 жылы жол картасының шеңберінде бірқатар медциналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«Мұндай аппараттар қатарында электрокоагулятор, уретроскоп, цистоуретроскоп, цистоскоп сынды аппараттар мен кардистандарттар бар. Емханада кардиостандарттардың толық жасақталуы қан айналым жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарға жүргізілетін алгоритмдердің сапалы орындалуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өңеш пен асқазан қастерлі ісіктерін ерте анықтау мақсатында жүргізілетін скрингтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін 2014 жылдан бері эндоскопиялық және ерлерді қарау кабинеттері жұмыс жасайды», - делінген хабарламада.