ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҰСТА МЕШІТ БЕЙНЕСІНДЕГІ БЕСІК ЖАСАДЫ
Қызылордалық Ғалым Рахметов ширек ғасырдан бері бесік жасау кәсібімен айналысып келеді. Бүгінге дейін 80-нен астам дүниені көпшілікке тарту етті. ұл жөнінде Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол кісінің айтуынша, өзін ұсталыққа ешкім баулыған емес. Арғы бабасы – Заман ақын кезінде Абылайханның хан тағын жасап берді деген әңгіме бар. Бала кезінде 4 жылдай көркем сурет мектебіне барған. Қолөнер шеберінің негізгі мамандығы – мұнайшы. Отбасы жағдайына байланысты ол жұмыстан қол үзуге тура келген. Оның айтуынша, бесік жасауда қарағай, шырша секілді ағаштарды кәдесіне жаратады. Сондай-ақ, өмір сүру ұзақтығы 2-3 ғасырға дейін жететін емен ағашының да иінін тауып, өз дүниесін жасайды.
– Бір бесікті 5-6 күн, әрі кетсе 10 күнде жасап бітіремін. Оған 33 шыны бояу, 4 шыны ыдыс лак кетеді. Жақында досым ұлды болып, оған ерекше бесікті тарту еттім. Оның алдыңғы жағы – мешіт, артқы жағы – кітап болып бейнеленген, – дейді ол.