"ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙІКТІСІ" ЖҮЛДЕСІНЕ ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ
Желтоқсан айында "Халықтың сүйіктісі" ұлттық жүлдесінің жеңімпаздары белгілі болады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне идея авторы, "Республика - Өңір - Даму" қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтұқ айтты.
Коммерциялық емес жүлде биыл төртінші рет табыс етіледі. Биыл байқауды өткізудің ережесі өзгерген. Атап айтқанда, қатысушыларды алдын ала іріктеу кезеңі қосылып отыр, бұл - әлеуметтік желі қолданушыларының ұсынысы. Іріктеу кезеңінен кейін қазылар алқасы тізімді нақтылап, екінші кезеңге - Facebook-те дауыс беруге жібереді. Әр бөлімнен он номинант дауысқа салынады. Сонымен бірге, биыл ұйымдастырушылар "Халықтың сүйіктісі" жүлдесін 2013 жылы алған адамдарды қатыстырмауды ұйғарған.
Қазіргі уақытта байқаудың екінші кезеңі басталып та кетті. Әлеуметтік желіде дауыс беру 15 қазанға дейін созылады. Одан кейін әр номинациядан төрт қатысушы іріктеледі, оларға байқаудың сайтында дауыс жиналады.
Номинациялардың толық тізімі мынадай: "Жалынды интернет-басылым", "Батыл публицист", "Тапқыр тележурналист", "Көріпкел саясаттанушы", "Жанкешті қоғам қайраткері", "Озық мемлекет қайраткері", "Қажымайтын депутат", "Блогосфера көшбасшысы", "Асыраушы фермер", "Респект-спортшы", "Fashion-жұлдыз", "Тамаша емші", "Табысты бизнесмен", "Өжет жүрек", "Киноиндустрия беделдісі", "Пысық қаржыгер", "Жемқорлықтың жауы". Сонымен бірге, "Даму және жетістік", "Жыл меценаты", "Алтын дәуір" атты үш құрметті жүлде тағайындалып отыр.
Еске сала кетейік, 2013 жылы Tengrinews.kz "Халықтың сүйіктісі" жүлдесін "Жалынды интернет-басылым" номинациясы бойынша жеңіп алған болатын. Сол себепті ол биыл қатысушылар тізімінен шығарылды. 2014 жылы бұл аталым бойынша Matritca.kz, Massaget.kz, Baq.kz, Bnews.kz, 365.info, Radiotochka.kz, Ratel.kz, Forbes.kz, Zakon.kz және Sayasat.org сайттары дауысқа түседі.