ЕЛІМІЗДЕ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ҚАЛААРАЛЫҚ ТЕЛЕФОН БАЙЛАНЫСЫ ТЕГІН БОЛАДЫ
Тегін байланыс аталған мереке күнгі сағат 00:00-ден келесі күнгі 00:00 дейін ұсынылады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазақстандықтар қалааралық телефон байланысымен тегін сөйлесу мүмкіндігін Жаңа жыл (1 қаңтар), Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) Наурыз мейрамы (22 наурыз), Қазақстан халқының бірлігі күні (1 мамыр), Отан қорғаушылар күні (7 мамыр), Жеңіс күні (9 мамыр), Елорда күні (6 шілде), Қазақстан Республикасы Конституциясы күні (30 тамыз), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні (1 желтоқсан), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні (16 желтоқсан) мерекелерінде пайдалана алады. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мереке күндеріндегі жасалатын байланысулардың санына жасалған талдау қалалық телефон арқылы қалааралық байланысулар мен облыс бойынша қоңыраулар абоненттер арасында үлкен сұранысқа ие екенін көрсетіп берді. Сондықтан абоненттер тегін қоңырау жасайтын мереке күндерін белгіледік», – деген «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Куанышбек Есекеевтің сөзі хабарламада келтірілген. Қалааралық тегін қоңырауларды алдағы Елорда күні мерекесінде пайдалануға болады.