ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ
Қызылорда облысында мүлікті жария ету жұмыстары жалғасуда. 2016 жылдың 18 мамырдағы жағдайы бойынша Қызылорда облысында мүлікті жария етуге барлығы 1442 өтініш 1704 жылжымайтын мүліктерді жария етуге берілген. Оның ішінде тұрғын емес үй-жайлар бойынша -964 өтініш, соның ішінде коммерциялық объектілер бойынша-793 өтініш, тұрғын үй бойынша-740 өтініш. Келіп түскен өтініштер бойынша мүліктердің жалпы бағасы 12,9 млрд. теңгені құрады. 1214 өтініш бойынша жалпы құны 11,9 млрд. теңге болатын 1439 объект жария етілген.
Қазіргі таңда, барлық аудандар мен Қызылорда қаласында мүлікті жария ету комиссиялармен заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша облыстағы кәсіпкерлер, ауыл және ауылдық округ тұрғындары үшін түсіндірме жұмыстарын (семинарлар, кездесулер) жүргізуде.
Қызылорда облысының қаржы басқармасы