ҚЫЗЫЛОРДАДА КВАС ӨНДІРІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
ЖК «Камиля» компаниясы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында өндірісті іске қосты.
Ескере кетсек, бастауыш кәсіпкер Камиля Елжанова Қызылорда облысындағы алғашқы квас шығарушы болып табылады. Квас өндірісін ашу мақсатында кәсіпкер ДБ «СбербанкРоссии» АҚ-нан Даму Қорының 70% кепілдендіруі арқасында несиеге қол жеткізді.
Несие қаражатына жеке кәсіпкер өнім шығаруға қажетті құрал-жабдықтар мен шикізат сатып алды. Цехтың өндіріс қуаты тәулігіне 500 л. квас шығаруға жетеді.
- Біз отбасылық бизнесті ашуды көп ойластырып, осы идеяны жүзеге асыруды қолға алдық. Өндірістің алғашқы кезеңінде оңай болған жоқ, алайда бір-бірімзді қолдап, бар күш-жігерді жобамыздың сәтті жұмыс жасауына бағыттадық. Қазіргі таңда басты мақсат цехтың жұмысын бірыңғайлау, өнідіріс пен өнімді сату циклін жөнге келтіру болып отыр. Бәсекелестермен салыстырғандағы басым көрсеткіштеріміз сапа мен өнімнің төмен бағасы, - дейді Камиля Елжанова.
Мемлекеттік қолдау аясында ЖК«Камиля» компаниясының несие пайызы мемлекет тарапынан субсидияланып отыр.