ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Кеше Қорқыт ата атындағы Кызылорда мемлекеттік университетінде Мемлекеттік қызмет істері департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.
Университет ректорының кеңесшісі Жандос Базартай кіріспе сөзінде, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағыты - кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды жүзеге асыру мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралардың маңыздылығын және осы жұмыстарды жүргізудегі білім жүйесі қызметкерлерінің рөлін атап өтті. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкері Жанболат Баимбетов баяндама жасады. Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Кабланбек Абдраманов сыбайлас жемқорлық профилактика шаралары және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін көзделген жауапкершіліктер жөнінде айтып өтті. Семинарға қатысушыларға тематикалық слайдтар және бейнероликтер көрсетілді.