ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ 768,6 МЫҢ АДАМДЫ ҚҰРАДЫ
2016 жылдың 1 сәуіріне қызылордалықтардың жалпы саны (алдын-ала деректер бойынша) – 768,6 мың адамды құрады, деп жазады облыстық статистика департаменті. Оның ішінде қала халқы – 336,0 мың, ауыл халқы – 432,6 мың адам. Қалалық тұрғындар үлесіне 43,7%, ауылдықтар үлесіне – 56,3% тиесілі.
2016 жылдың қаңтар-наурыз айында облыста туылғандар саны 4660 адамды құрады, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 83 адамға көбейды. Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 24,48-ден 24,28-ге азайған.
2016 жылдың қаңтар-наурыз айында облыста өлім көрсеткіші 1157 адамды құрап, 115 адамға көбейді (2015 жылдың қаңтар-наурыз айында 1042 адам), ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 5,58-ден 6,03-ке көбейген.
Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын қан айналымы жүйесінің аурулары алады (23,3%).