ТЕК ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ АУА-РАЙЫ ЖАУЫН-ШАШЫНСЫЗ
Жалпы, республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түсіп, жел күшейеді. Тек Қазақстанның солтүстігінде ауа-райы жауын-шашынсыз. Оңтүстікте бұршақ жауып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады, деп хабарлайды BNews.kz.
Алматы және Жамбыл облыстарында бұршақ жауып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қарағанды, Павлодар облыстарында тұман түседі.
18-20 мамыр аралығында Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде ауа температурасы +1+6 градусқа дейін төмендейді. Астана қаласында түнде +1+3 градусқа дейін суытады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан өзен-көлдердегі су арнасынан тасуы мүмкін. Шығыс Қазақстан Облысында да тоқтаусыз жауған жаңбырдан өзендерде су деңгейі көтеріліп, елді мекендерді су басу қаупі бар.