ЕЛІМІЗДЕ ҰРЛАНҒАН ТЕЛЕФОНДАРДЫ БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЛАРЫ БҰҒАТТАЙТЫН БОЛАДЫ
Бас прокуратураның бастамасымен Ішкі істер министрлігінің аумақтық құрылымдары мен ұялы байланыс операторлары ұрланған мобильдік абоненттік құрылғыларды бұғаттаудағы өзара іс-қимыл жөнінде меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BNews.kz.
Жыл сайын елімізде 60 мыңға жуық мобильдік байланыс құрылғысы қолды болса, соның орташа алғанда тек 2,5 мыңын ғана иесіне қайтару мүмкін болады, деп мәлімдейді ҚР Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетінің баспасөз қызметі.
«Байланыс туралы» ҚР Заңына, сондай-ақ ұялы байланыс қызметін көрсету ережесіне сәйкес, ұялы байланыс операторлары абоненттік құрылғылардың жұмыс істеуін IMEI-код бойынша тоқтатуды тек абоненттің тиісті өтінішімен ғана жүзеге асыра алады.
Алайда электронды қондырғыларды пайдаланушылардың көпшілігі бұл механизм туралы білмейді. Енді, қол жеткізілген келісімге сәйкес, ішкі істер органдары зардап шегушіге мобильді телефонның жұмыс істеуін IMEI-код бойынша тоқтату туралы ұялы байланыс операторының атына міндетті түрде өтініш жасау қажеттігін түсіндіруі тиіс.
Мобильді құрылғының жұмыс істеуін IMEI-код бойынша тоқтатуды кеңінен тарату мақсатында, ішкі істер органдары арқылы ұялы байланысты операторының атына өтініш беру қажеттігін құлағдар еткіміз келеді.