СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫ ТУРАЛЫ СҰРАҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Сырдария аудандық сотында тергеу судьясымен Қылмыстық процестік кодексі қолдану және осы бағытта 2015 жылы бойынша талдау жасау сұрақтары бойынша семинар өткізілді.
Аталған семинарға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ж.Жолдасов., аға прокурор Е.Алтынбай., аудандық ІІБ-нің өкілдері және «Тіршілік тынысы» газетінің өкілі А.Ибрагимұлы қатысты.
Осы іс-шара жұмысын ашқан төраға міндетін атқарушы Ж.Жолдасов Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық процестік кодексі қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғыртуға және оны халықаралық стандартқа сәйкес келтіруге бағытталғанын айтты.
ҚР ҚПК жаңашылдықтарының бірі тергеу судьясы лауазымының енгізілуі болып табылады. Тергеу судьясын лауазымы енгізілгелі бері сотқа дейін іс жүргізу барысында тергеу судьясы күдіктілерді күзетпен ұстау, үй қамағында ұстау, экстрадициялық қамақта ұстау, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту, кепілге алу, мүлікке тыйым салу шараларын санкция¬лау, сот-психиатриялық немесе сот-медициналық сараптама жүргізу үшін күзетпен ұстауға алынбаған адамды медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, сондай-ақ, заңмен тыйым салынған әрекетті есі дұрыс емес адам жасағанда оған қауіпсіздік шараларын қолдану, кәмелеттік жасқа толмаған күдіктіні, айыпкерді арнайы балалар мекемесіне орналастыру мәселелерін қарастырады.
Дәріске қатысушылар, қылмыстық сот ісін жүргізуге тергеу судьясының тұлғасы енгізілуі аталған институттың маңыздылығын көрсететінін және оның сот ісін жүргізуге дейінгі сатыдағы сот бақылауының толыққанды белсенділігін қамтамасыз ету мақсатындағы құзыреттілігін кеңейтетіндігін атап өтті.
Семинардың соңында қатысушылар тиісті ұсынымдар әзірледі.
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі