АРДАГЕР ТӨЛЕГЕН ЖЫЛҚЫБАЕВ 84 ЖАСЫН АТАП ӨТТІ
«Біздің ардагер» акция барысында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.Төлешев, Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ғ.Імбетов, азаматтық қорғау капитаны Е.Үсенбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы T.Ботабаевпен бірге тыл ардагері Жылқыбаев Төлегенді туған күнімен құттықтады.
Жылқыбаев Төлеген 1932 жылғы 16 мамырда дүниеге келген. Соғыс басталған кезде ол небары 9 жаста еді. Барлық үй шаруашылығының жауапкершілігі жас балада болатын. 1952 жылдан бастап - 1997 жылға дейін Төлеген Жылқыбаев Қызылорда облысында өрт сөндіруші болып жұмыс атқарды.
Ұлы Отан соғысы кезінде Жеңіске жетуге өз үлестерін тылда жүріп қосқан тыл ардагерлерінің ерліктері есімізде. Біз, Сіздерді құрметтеп, басымызды иеміз. Сізге бақ-береке, денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт және бейбітшілік тілейміз - өртке қарсы қызмет ұжымы атынан Ғ.Імбетов.
Өз кезегінде ақсақал бүгінгі күнгі өз ұрпақтарының жетістіктері туралы әңгімелеп, өзін құттықтай келген қонақтарға батасын берді. Ардагерге сый-сияпат жасалды, аға буын өкілі азаматтық қорғау қызметкерлеріне жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық құтқару жұмыстары қызметі