«ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ РӘСІМДЕРІ МЕН ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ»
Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жекешелендірудің қажеттілігі туралы баса айтқаны мәлім.
Содан кейін Үкімет арнайы бағдарлама аясында 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру бойынша кешенді жоспарды бекітті. Жоспарға сәйкес елдегі мемлекеттік компанияларға талдау жүргізілді. Нәтижесінде мемлекет меншігіндегі мүліктер, ұлттық компания мен холдингтердің ұйымдары жалпыға ортақ сатылымға түсетін болды.
Жекешелендірудің екінші толқыны дегеніміз не? Мемлекет меншігіндегі нысандарды кімдер, қалай иелігіне алады? Біз осы сауалдар төңірегінде Қызылорда облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Ринат Құдайбергеновпен сұхбаттасуды жөн санадық.
Жекешелендіру дегеніміз не, оның мақсаты, елге пайдасы қандай?
Бүгінгі таңда жекешелендіру дегеніміз – жеке секторда мемлекет тарапынан бәсекелестікті азайтуға және бизнесті дамыту мен ынталандыруға, экономиканы мемлекет иелігінен шығаруға бағытталған жиынтық рәсімдер.
Жекешелендірудің «екінші толқынын» жүзеге асыру мақсатында әлемдік тәжірибе зерделеніп, кейбір экономика секторында мемлекеттің қатысуын шектеу жөнінде қолданыстағы заңнамаға қажетті өзгерістер енгізілді. Экономикаға қатысты тиімділік мүмкіндігі жөнінде жекешелендіру мен бәсекелестік ортаның жай-күйіне есептер жүргізілді.
Талдау нәтижесі бойынша жекешелендіруге жататын ұйымдардың тізімі анықталды, оның ішіне коммерциялық оқуға бағдарланған және ғылыми орындар, жобалау институттар, шипажай, әлеуметтік сала объектілері, елді мекендерді абаттандыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, автомобиль жолдарын жөндеу қызметтерін жүзеге асыратын ұйымдар, автобус және троллейбус парктері, балалар сауықтыру лагерьлері, акционерлік қоғамның, ұлттық компаниялар және холдингтердің активтері, стратегиялық маңызы жоқ активтер.
Бүгінгі күнде, мемлекеттік кәсіпорындар жеке бизнеске бәсекелес болып келеді және жеке бизнес саласында жұмыс жасайтын бәсекеге тең емес кәсіпорындарды таратудан жекешелендіру мәселесі туындап отыр.
Осыған сәйкес, республика үкіметімен Қазақстан Республикасы Президентінің жекешелендірудің екінші толқыны өткізу тапсырмасын орындау мақсатында Квазимемлекеттік сектор ұйымдарды бәсекелестік ортаға беру іс-шаралары жөніндегі Жекешелендірудің 2014-2016 кешенді жоспары қабылданды.
Жекешелендірудің екінші толқыны іс-шарасын орындау шағын және орта бизнеске жаңа серпін береді, мемлекетке, ұлттық холдингтерге және компанияларға инфрақұрылымдық жобаларын дамытуға қосымша қаржыландыру көзі табылады.
Жекешелендіру бір жағынан бизнеске кең мүмкіндік береді, екінші жағынан мемлекеттік бюджетінің ауыртпашылығын қысқартады.
Жалпы айтқанда жекешелендірудің екінші толқыны кәсіпкерлергеде, үкіметке де тиімді.
Жекешелендірудің тізбесіне қандай объектілер енді?
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағытын атап көрсетті. Оның ішінде үшінші бағыт жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыруды көздейді.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның кейбір нормалары қайта қаралып, жекешелендіру объектілерін сату Ережесіне көптеген өзгерістер енгізілді және 2016 - 2020 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспары қабылданып, Қызылорда облысы бойынша коммуналдық меншіктің 5 объектісі енді, оның ішінде:
1) «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ;
2) «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» МКҚК;
3) «Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру-дене шынықтыру клубы» ШЖҚ МКК;
4) Арал қалалық шаруашылық жүргізу құқығындағы көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
5) «Сырдария» балалар сауықтыру лагері» МКҚК.
Бәсекелес ортаға жіберілетін ұйымдардың қатарына «Байқоңыр (Байконур) ҰК» ӘКК» акционерлік қоғамының 6 ұйымы енгізілді.
Бекітілген кестеге сәйкес 2016 жылы коммуналдық меншіктің 2 объектісін жекешелендіру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» МКҚК, Арал қалалық шаруашылық жүргізу құқығындағы көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Кестеге сәйкес тәуелсіз бағалау жұмыстарын жүргізу үшін алдын ала дайындық жұмыстар басталып кетті.
Қандай объектілер жекешелендірілуге жатады және жекешелендірудің негізгі принциптерін атап өтсеңіз?
Мемлекеттiк мүлiктiң мынадай түрлерi:
мүлiктiк кешен ретіндегі кәсіпорын;
жекешелендiрілуі тұйық технологиялық тiзбекті бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi;
Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі;
акционерлік қоғамдардың акциялары;
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестері;
мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздар жекешелендiру объектілерi болып табылады.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган мемлекеттік мүлікті жекешелендiру туралы шешiм шығарған күннен бастап мемлекеттік мүлік жекешелендiру объектiсi болады.
Бұл үшін, облыс әкімдігі жанында заңды тұлғаларды және коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрылып, жекешелендірудің мерзімі бекітілді. Жекешелендіру бойынша тұрақты комиссия құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жергілікті өкілетті органдардың өкілдері енгізілген.
Жекешелендiру жүргiзудің негiзгi принциптері жариялылық, бәсекелестiк, құқықтық мұрагерлік, лауазымды тұлғалардың жекешелендiру жүргiзудiң заңдылығы үшін жауапкершiлiгi және жекешелендiру объектiлері туралы ұсынылған деректердің дәйектілігі болып табылады.
Әңгімеміздің басында Сіз кейбір заңнамаларға өзгерістер енгізілді деп айтып өттіңіз, олар қаңдай заңнамалар және қашан күшіне енді?
Өзгерістер «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Жекешелендіру объектілерін сату Ережесіне енді.
Жекешелендіру объектілерін сату Ережесінің ескі редакциясында тендерде жекешелендіру объектісін екінші және кейінгі сауда-саттыққа қою кезінде бастапқы баға алдыңғы тендердің бастапқы бағасынан 20 пайыздан аспай төмендетілетін болса, жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес жекешелендіру объектісін екінші және үшінші сауда-саттыққа шығару кезінде бастапқы баға алдыңғы тендердің немесе жабық тендердің бастапқы бағасының елу пайызына төмендетіледі. Осыған сәйкес, объектіні екінші және үшінші сауда-саттық арқылы сату мүмкіндігі ұлғаяды.
Сонымен қатар, тендерде немесе аукционда қатысушылардың саны екеуден аз болса олар өтпеген деп жарияланады онда жекешелендiру объектiсi үшiншi сауда-саттықта бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн.
Осыған орай, жекешелендіруге шетелдік және қазақстандық инвесторлар қатысу үшін барлық жағдай жасалды, бұл ретте квазимемлекеттік сектор мен активтерді сату әділетті нарықтық баға бойынша, ашық және бәсекелі жүзеге асырылатын болады.
Бұл ретте, жекешелендіру объектісінің нарықтық құны жекешелендіру объектісінің баланстық құнынан төмен болуы мүмкін.
Жекешелендіруге қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға қатыса алады.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындар тендерде сатылған жағдайда, қызмет бейінін сақтау тендердің шарты болып табылады.
Қызмет бейінін сақтау мерзімін сатушы айқындайды.
Жекешелендіру қалай өтеді? Жекешелендіруге қатысу үшін кәсіпкерге не білгені маңызды?
Бүгінгі күнге, сатылатын мүліктің ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында біріккен электрондық алаң қызмет атқарады.
Бүгінгі күнге жекешелендіру жататын объектілер, сатылатын немесе сатылған объектілер туралы ақпарат, суреттерімен қоса мемлекеттік мүлік реестрін тіркейтін біріңғай операторы болып табылатын – госреестр (www.gosreеstr.kz) веб-порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған. Ауқымды іс-шараның орындау барысындағы маңыздылығы оның ашықтығы мен жариялығында.
Сауда-саттықтарды өткiзуге дайындық мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
- жекешелендіру объектісі бойынша қажеттi материалдарды жинау жүргiзiледi;
- жекешелендіру объектiсiн бағалау негізінде жекешелендіру объектiлерiнің алғашқы бағасы айқындалады;
- әрбiр жекешелендiру объектiсiнiң сатылу нысандары мен әдiсi айқындалады;
- жекешелендiру объектiлерi жекелеген сауда-саттықтар бойынша бөлiнедi;
- кепiлдiк жарнаны енгiзу тәртiбi айқындалады;
- сауда-саттықты өткізу мерзiмі белгiленедi;
- қажет болған кезде ұйымдастырушы тартылады;
- сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жарияланады;
- кепiлдiк жарналар қабылданады;
- қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi;
- сатып алу-сату шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады.
Сауда-саттық өткізуде ашықтылықтың мәні сатушы мен сатып алушы бір-бірімен тікелей байланыспайды, сатып алушылар бір-бірін көрмейді және қатынаспайды.
Сату тек электронды түрде жүргізіледі және мемлекеттің кез-келген жерінен қатысуға болады. Электрондық сауда-саттықа қатысу үшін міндетті шартының бірі электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) алу қажет. Электрондық сауда-саттықтың тәртібі жекешелендіру объектісін сату ережесінде көрсетілген.
Аукционға, тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің www.gosreestr.kz веб-порталында тіркеу қажет.
Сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттық өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдерде және тәртiппен кепiлдiкті жарнаны енгізеді. Егер сауда-саттық өткізілмесе, кепiлдiкті жарна қайтарылуға жатады. Кепiлдiкті жарна өтінім берген, бірақ сауда-саттыққа қатыспаған, сауда-саттыққа қатысқан, бiрақ оны ұтпаған тұлғаларға және сауда-саттық өткiзуден кемінде үш жұмыс күні бұрын оған қатысудан жазбаша бас тартқан тұлғаларға да қайтарылады.
Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушының кепілдік жарнаны қайтару туралы осы қатысушының деректемелерін көрсете отырып берген өтініші негізінде қайтарылады.
Сауда-саттықты ұтқан тұлғамен сатып алу-сату шартын жасау кезінде ол енгiзген кепiлдiк жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша мiндеттемелердi орындау шотына есептеледі.
Жекешелендіру объектілерін сату жекешелендіру объектісінің нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады, ол жекешелендіру объектісінің теңгерімдік құнынан төмен болуы мүмкін.
Сатып алу келісім шартының негізінде сатушы міңдеттердің орындалуына және негізгі қызмет профилінің сақталуына бақылау жасайды.
Сатылған объекті бойынша теленуі мен есептесу қалай жүргізіледі?
Жекешелендiру объектiлерiн сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушының арасында жүргiзiледi. Сатып алынатын объектiге ақы төлеу сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап отыз күн iшiнде жүргiзiлуге тиiс.
Ақыны бөліп-бөліп төлеуге жол берiледi.
Жекешелендiрiлетiн объектiнiң ақысын бөліп-бөліп төлей отырып сату кезiнде бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының он бес пайызынан кем болмауға, ал ақыны бөліп-бөліп төлеу кезеңі үш жылдан аспауға тиіс. Келесі сомаларды төлеген кезде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен белгіленген ақшалай мiндеттемені орындау қағидалары қолданылады.
Ақысын бөліп-бөлу төлей отырып сату кезiнде әлі төленбеген сомаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыруының ресми ставкалары негізге алынып, пайыздар есептеледi.

Сатудан түскен қаражат қайда түседі және жекешелендірудің екінші толқынынан қандай нәтиже күтесіздер?
Коммуналдық меншіктегі мүлікті сатудан түскен қаражат жергілікті бюджетке түседі, ұлттық компанияның мүлкін сатудан түскен қаражат сол компанияға түседі. Барлық төлемдер кепілдік жарнадан бастап нысанға төленген төлемдер екінші деңгейлі банк арқылы жүргізіледі, яғни, түсімнің ашықтылығын және заңдылығын қамтамасыз етеді.
Жекешелендіру бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және сауықтыруға мүмкіндік береді және бәсекелестікті қалпына келтіреді.
Жекешелендіру бір жағынан бизнеске кең мүмкіндік береді, екінші жағынан мемлекеттік бюджетінің ауыртпашылығын қысқартады.
Үлкен компаниялар үшін инфрақұрылымдық жобаларын дамытуға қосымша қаржыландыру көзі болып табылады.