ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА «ЗАҢСЫЗ КЕЛУШІ-2016» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 16 мамырында республика көлемінде «Заңсыз келуші – 2016» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Аталмыш шараның басты мақсаты – облыс аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтарын анықтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасы аумағына келуі, онда болу тәртібін қамтамасыз етпей, көші-қон заңнамасын бұзуға жол берген жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту, сонымен қатар, заңсыз көші-қон арналарын анықтау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткен немесе ел аумағынан аластату туралы сот шешімін орындамаған шетел азаматтарын қылмыстық жауапкершілікке тарту болып табылады.
Шара барысында полиция қызметкерлерімен рейдтік жұмыстар ұйымдастырылып, шетел азаматтарымен орын алатын заңнама талаптарын орындамау деректерінің алдын алу мақсатында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Аталмыш жедел-профилактикалық іс-шара мамыр айының 20-на дейін жалғасатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі