ЖЕР РЕФОРМАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӘР СЕНБІ САЙЫН ӨТЕТІН БОЛАДЫ
Жер реформасы бойынша комиссияның отырысы әр сенбі сайын өтетін болады. Бұл туралы Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары, Комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
«Кезекті отырысымызды келесі сенбіде өткізейік. Басталатын уақыты - сағат 10. Келесі жолы жерді сату мәселесін қарастыратын болайық. Одан кейін талқылауға тиісті келесі мәселемізді анықтап алатын боламыз», - деді Б.Сағынтаев. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті қоғамдық жаңғырық туғызған Жер кодексінің бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялады.
«Қабылданған заңның тетіктері мен нормалары жұртшылықты кеңінен қатыстыру арқылы талқыланбады. Сондықтан көп жағдайда халықтың алаңдауы дұрыс. Егер қазақстандықтар қабылданған шешімге сенбейтін болса, демек бұл дұрыс емес деген сөз. Өйткені, бұл өзгерістер халық үшін жасалып жатыр. Қоғамда жерді жалға алу жөніндегі бірқатар заңнамалық нормаларға қатысты күмән туғанын ескеру маңызды», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент Үкімет жанынан Премьер-министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың басшылығымен комиссия құруды тапсырған болатын.