ПОЙЫЗ ЖОЛАУШЫЛАРЫ БИЛЕТТЕРДІ КҮНІ БҰРЫН САТЫП АЛҒАНДА ТҮРЛІ ЖЕҢІЛДІКТЕР КӨЗДЕЛГЕН
Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы Жүрдек жолаушылар қатынасы бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарапынан жүрдек жолаушылар пойыздарымен жолаушыларды экспресс-тасымалдау қызметін енгізілуде.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қызмет қолданыстағы әлеуметтік маңызы бар бағыттарға балама ретінде «Patentes Talgo S.А.» испандық фирмасы мен Астана қаласындағы «Тұлпар-Тальго» ЖШС вагон құрылысы зауытында шығарылған вагондардан жасақталған жүрдек пойыздар құрамын пайдалану арқылы республикамыздың ірі облыс орталықтарымен жаңа жүрдек қатынасты ұйымдастыруды қарастырады.
Экспресс-тасымалдау кезінде жолда жүру уақыты 1,5-2 есеге қысқарады, пойыздың аялдамалары азайып, жүрдек пойыз қозғалысының жылдамдығы артып, құрылымы жағынан жүрдек бағытта қатынауға арналған жылжымалы құрам пайдаланылады (жаңа вагондардың құрылымдық жылдамдығы сағатына 200 шақырымнан асады), сонымен қатар қолайлылық пен сервистік қызмет көрсету деңгейі артады.
2014 жылдың 1 қазанынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ үстіміздегі жылғы 14 қарашадан бастап аттанатын «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге динамикалық баға белгілеу жүйесін енгізуде. Жолаушы билетті ерте сатып алған жағдайда 35 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оның үстіне пойыз жүрер уақытқа сұранысқа сәйкес билет құны өзгереді.
Динамикалық баға белгілеу жүйесі қолданыстағы №19/20 «Астана-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана», №79/80 «Астана-Шымкент», №77/78 «Алматы-Атырау», №49/50 «Алматы-Ақтөбе», сондай-ақ, үстіміздегі жылдың аяғына дейін іске қосылуы жоспарланып отырған №89/90 «Астана-Қызылорда», №67/68 «Астана-Защита» (Өскемен), №69/70 «Алматы-Защита» (Өскемен), №35/36 «Алматы-Шымкент» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» пойыздарында енгізіледі:
Пойыз аттанарға 44 тәуліктен 35 тәулікке дейін - 30-25 пайызға дейінгі жеңілдіктер;
Пойыз аттанарға 34 тәуліктен 25 тәулікке дейін - 20-25 пайызға дейінгі жеңілдіктер;
Пойыз аттанарға 24 тәуліктен 8 тәулікке дейін - 5-15 пайызға дейінгі жеңілдіктер енгізіледі.
Мәселен, егер жолаушы билетті 41 күн бұрын сатып алса, жеңілдік 35 пайызды құрайды. Егер, мәселен, «Тұлпар-Тальго» пойызына Астанадан Ақтөбеге дейінгі құны «Турист» вагонында 11632 теңге болса, жеңілдікпен ол 7561 теңгені құрайды.
Баға белгілеудің жаңа әдісі жолаушылар тасымалының тек авиациялық түрінде ғана емес, темір жол көлігінде де, соның ішінде еуропалық елдердің әлемдік тәжірибесінде де кең таралған.